Балалар үйінің ұжымы Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Көп жылдан бері медицина саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.

Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.  Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз.

Өзіңізге және отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен береке тілейміз! Шығар шыңдарыңыз әрқашанда биік болып, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.

Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,

Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!

Алпыс мәрте Күнді айналған жұмыр Жер,

Сізге бақыт тілеп тұрған тәрізді.

 

Ренжітпей үлкенді де, кішіні –

Жүрегімен түсінетін кісіні.

Мынау өмір жұмақ болып кетер ед,

Сіздей болса бар адамның пішіні.

 

Қарапайым қалпын сақтап биіктік,

Ұл-қызы мен отағасын иітіп.

Ана болып, пана болып отырсыз,

Бір әулетті ұйытқыдай  ұйытып.

 

Сізге қарап бой түзейді қыздар да,

Сіз күлгенде ерімейтін мұз бар ма!

Иман бар деп, иба бар деп иланам,

Ортамызда күлімдеген сіз барда.

 

Бүгінгі күн – бөлектеу күн, маңызды,

Маңыздысы – бүгін туған жан ізгі!

Төбеңізге Құдай келіп, шашу қып,

Аппақ нұрын шашып тұрған тәрізді.