Біздің Мамандандырылған балалар үйінің ұжымы, Сізді адам өмірінің айтулы белесі – 60 жасқа толу мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтайды!

Сізді өмірден тоқығаны мол, кемел ойлы, жылы жүректі әріптес ретінде жақсы білеміз.

Еңбегіңізге зор алғыс білдіре отырып, өміріңізге бақыт, табыс және отбасыңызға береке бірлік тілейміз. Өміріңіз жылылық пен шаттыққа, нұрлы күндерге толы болсын!

    Құтты болсын қуанышты күніңіз,

    Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.

    Бала- шаға қызығына кенеліп,

    Ортасында аман – есен жүріңіз!