Сізді Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Өміріңізде қызықты сәттер көп болып, барлық мақсаттарға жету үшін барлық жақсылықты, шабыт пен табандылықты және барлық армандарыңыздың орындалуын тілейміз. Сіздің бүкіл өміріңіз шексіз бақыт пен қуанышты сәттерден тұрсын!

Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан, Сізді бүгінгі есте қаларлық ереулі мерекеңізбен – өте әдемі әрі мәнді 50 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге зор денсаулық, баянды бақыт, мол табыс тілейміз. Өміріңіз қашан да көктемдей жарқын әрі шуақты, жаздай жылы әрі жайма шуақ болсын!

Бір жақсы үлгі көріп әркім сізден,

Теңейді берері көп алтын күзге.

Сізді Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.

Бүлдіршіндерімізді мейірімізге бөлеп, ерекше қамқорлықпен тәрбиелеп келесіз. Өз еңбек жолыңызда үлгі тұтарлықтай қызмет етіп, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен мақтан тұтарлық тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.

55 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!

Бүлдіршіндеріміздің тәрбиесі мен күтіміне жауап беріп, ұжымымызда өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі, үздік тәрбиеші ретінде құрмет тұтып сыйлайды.

Мейірімді, еңбекқор, тәртіпті басты қаруы ете білген әріптесіміз,  Сізді, 60 жас мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сізге жарқын да мағыналы өмір, көтеріңкі де кіршіксіз көңіл, деніңіздің саулығың, отбасының амандығын, қызыққа толы ғұмыр кешіп, көпшіліктің ыстық ықыласы мен құрметіне бөлене беріңіз деген тілек білдіреміз!