«Зекет және қайырымдылық» қорының өкіліне және «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамына үлкен алғыс

Шілде 05, 2022

Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры. Қазақ халқы ежелден жомарт­тығымен танылған. Ұрпағына қайырымды­лықты жастайынан үйретіп, адам­гершілік қасиеттерге баулуға ұмты­лады. Себебі, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болашағымыз жас ұрпақ!

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш пен күлкі сыйлау үлкен сауапты іс.

Балалар үйінің бүлдіршіндері мен ұжымына арнайы келіп, балаларымызға арналған түрлі сыйлақтарымен, тәтті шырындары, жеміс-жидектері және балаларға керек қажеттіліктерді табыстап, балдырғандарымыздың жүзіне қуаныш жүрегіне жылу сыйлаған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Жақия Мерей Қанатұлы  және «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Смагулов Дастан Зияшұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық, мол бақыт, әрбір қайырымды бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, қуаныш сыйласын! Жақсылықтарыңыздың сауабы мол болсын!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 225 рет