«1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында

Мамыр 31, 2024

«1 Маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі қарсаңында Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-не, біздің үйдің кішкентай тұрғындарының тыныс-тіршілігімен танысып, жағдайларынан хабар алу мақсатында Абден Қарақат Жақсылыққызы – ҚР Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты, Бектұрғанова Мадина Мұхамедқызы – «Қазақстанның эстетикалық топтық гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті, Касыманова Лейла Толеуқызы – Екібастұз қалалық мәслихат депутаты, Каманова Айгүл Даулетқызы – «Ауыл» партиясы жанындағы «Мейірім құшағы» Әйелдер, балалар және отбасы ісі жөніндегі комиссиясының төрайымы арнайы жұмыс сапарымен келді.

Директор Кенжебаева Сауле Кенжетайқызы құрметті қонақтарымызға мекеме қызметі жайлы ақпарат беріп, балалар үйіне экскурсия жүргізді. Қадірлі қонақтарымыз бассейн, физиотерапия кабинетін, Монтессори кабинетін, күндізгі оңалту тобы және балалар үйінде ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды оңалту және абилитациялау бойынша емдік дене шынықтыру залында жүргізілетін жұмыстармен танысты.

Абден Қарақат Жақсылыққызы, балалардың өмір сүру жағдайымен танысып болған соң, балалар үйі ұжымына ризашылығын білдірді. Балалар үйінің жағдайы туралы сұрап, көмек қажеттігі жайлы, ұжымды мазалап жүрген жайттардың бар-жоғы жайлы сұрақтарын қойып, көмек қажет болған жағдайда қолдау көрсететінін айтты.

Құрметті қонақтарымызға балаларымызға көрсеткен қамқорлығы мен ерекше мейірімі, бүлдіршіндеріміздің денсаулығын нығайтуға көмектесетін керемет сыйлықтары үшін елордалық балалар үйінің ұжымы мен сәбилерінің атынан шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Болашақ ұрпақтың өркендеуіне қосқан баға жетпес үлесіңіз, балаларымызға жақсылықтың керемет үлгісі болып, оларға қуаныш пен шаттық сыйлап, бақытқа бөледі.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 244 рет