Егіншілік-ел берекесі

Шілде 16, 2024

Жаздың жайма шуақ күндері. Ал біздің  үйдің кішкентай еңбекқор егіншілері, өздерінің тәрбиешілерімен бірге еңбектеніп еккен егіндерін жинады. Бұл жылы бүлдіршіндеріміз еккен қияр молынан салып, балаларымызға ерекше қуаныш сыйлады.

гіншіліктің пайдасын сөзбен айтып жеткізу тіптен мүмкін емес. Егіншілік - елдің үміті,басты азық қоры. Егін егуді үйреніп, еңбегінің жемісін көруді сезінуі үшін балапандарымызға балалар үйінің аумағынан арнайы шағын жер бөлінген. Балаларымыз көктем келіп, күн жылынып, егіннің қамы басталған кезден өздерінің бақшаларына жиналып, жаздың жайдыры жылы күндерінде егін егіп, суарып, өсірумен айналысады. Осылайша, жас агрономдарымыз өздерінің сүйікті көкөністерін өсіру мүлде қиын емес екенін біледі.

  • 01
  • 02
  • 03
Оқылды 147 рет