Жастарға үлкен алғыс білдіреміз!

Желтоқсан 11, 2024

«Қамқорлық» адам бойындағы мейірім-шапағаттан тұратын ізгілік. Айналаңдағы жандарға қол ұшын беру, көмектесу, жанашырлық көрсету жылы жүректілікті білдіреді. Осындай жылы жүректен, ізгі ниетпен білдірілетін жақсылық адам жанына жылу сыйлайды.

Бүгін біздің үйге жүректеріндегі жылуын бүлдіршіндерімізбен бөлісу үшін А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының ерікті жастары 3 курс АІ-22-01 тобы студенттері арнайы келіп, сәбилерімізге арналған сыйлықтарын табыс етті. Түрлі тәттілер, дәмді жемістер мен әдемі ойыншықтар балғындарымызға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Балаларымызға көрсеткен қамқорлықтарыңыз бен мейірімге толы жүректеріңіз үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздерге шексіз бақыт, мықты денсаулық, сәттілік пен табыс тілейміз!

Оқылды 252 рет