БАӘ елшілігіне үлкен алғыс білдіреміз

Сәуір 14, 2022

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ ұжымы БАӘ елшілігіне балалар үйінің тәрбиеленушілеріне көрсеткен қайырымдылық көмегі мен қамқорлығы үшін шын жүректен алғыс білдіреді.

Құрма – жер бетіндегі ең қасиетті, игілігі мол, пайдасы орасан зор жемістердің бірі. Түрлі дәрумендерге бай құрма жемісі  балдырғандарымызға көп күш қуат беріп, олардың иммунитетін нығайтуға көмектеседі.

Қасиетті Рамазан айында барлық ізгі ниеттеріңіз бен тілектеріңіз қабыл болсын! Сіздерге және жақындарыңызға мықты денсаулық, амандық пен бақыт тілейміз.

Оқылды 176 рет