Қазақ ұлттық хореография академиясына үлкен алғыс

Сәуір 14, 2022

Балалар үйінің сәбилері мен ұжымы атынан ҚР МСМ «Қазақ ұлттық хореография академиясы» ШЖҚ РМК ректоры Асылмұратова Алтынай Абдуахимқызына және Академияның тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі директоры Алишева Алила Турсумбайқызына бүлдіршіндерімізді қуанышқа бөлеген керемет сыйлықтары үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз.

Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі. Сіздер сыйға берген сәнді киімдер, әдемі тоқылған шұлықтар, қызықты ойыншықтар мен пайдалы тәттілер сәбилерімізге қуаныш, бақыт, шаттық сыйлады.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және мол табыс тілейміз! Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
Оқылды 242 рет