КАЗГЮУ Университетінің «Ана» қайырымдылық ұйымына үлкен алғыс

Сәуір 19, 2022

Қайырымдылық – адамзат бойындағы ерекше бір қасиет болып саналады. Қайырымдылық ізгіліктің, адамның адамға деген таза ниетін, адамгершілік қарым-қатынасын көрсететін адамдардың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен көмегі. Қайырымды жандарды «алтын жүректі адамға» теңейтіні де содан болар.

Балалар үйі ұжымы мен сәбилері атынан КАЗГЮУ Университетінің «Ана» қайырымдылық ұйымына және Жарова Диана ханым мен Шурабаева  Мариям ханымға шексіз алғысымызды білдіреміз. Қамқорлықтарыңыз бен қолдауларыңыз балаларымызға шаттық, қуаныш, бақыт сыйлады.

Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, мол табыс тілейміз!

Оқылды 173 рет