Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Бөбек» тобының тәрбиешілері мен «Алақай» театр студиясының жетекшісі Алмагүл Сатыбалдина бүлдіршіндерімізге Лев Толстойдың «Арыстан мен Тышқан» ертегісіне негізделген қуыршақ қойылымын көрсетті.
«Арыстан мен Тышқан» қойылымының мақсаты балаларды адамдарға, айналасындағыларға қамқор, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды болуға үйрету.
Балаларды жастайынан мейірімділікке баулу маңызды. Өйткені, балалық шақта бала әлемді таниды және өзінің өміріне қатысты ұстанымдарын дамытады. Әрқашан мейірімділіктің мысалдарын көріп өскен бүлдіршін не жақсы, не жаман екенін түсінеді.
Қойылым соңында балдырғандарымыз сүйікті кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындар ойнап, уақыттарын қызықты өткізді.
Балауса бүлдіршіндерімізге бақыт сыйлап, езуіне күлкі үйірер, көңілді кейіпкерлер, жанды образдармен балаң көңілге қуаныш нұрын себелер «Алақай» қуыршақ театрының бүгінгі қойылымы бүлдіршіндеріміздің көңілінен шығып, қуанышқа бөледі.