«Баланың икемділігі мен дарынының қайнар көзі – оның саусағының ұшында» В.А.Сухомлинский.
Сурет – балалар шығармашылығының ең сүйікті түрлерінің бірі. Ерте жастағы балалар сурет сала алмаса да олардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын назардан тыс қалдыруға болмайды.
Әлемді өзіндік көзқарасымен көріп оны тереңінен танып білгісі келетін балдырғандарға сурет салу сиқырлы тәжірибеге ұқсайды. Сол себепті, балалар үйінде балдырғандарымыздың қиялын, көркемдік талғамын дамыту үшін түрлі түсті бояулармен «Сурет салу тәсілдерін үйрету» сабағы өткізіледі. Сабақ барысында берілген бейненің ішін бояу арқылы балалардың танымдық, шығармашылық қабілеті дамиды.
Ахмет Байтұрсынов баланың өзіндік жұмысының маңызын бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керектігін атап айтқан болатын. Жалпы білімге деген құштарлық – кез келген балаға тән қасиет. Күн сайын жаңа бір нәрсені білуге ұмтылу – бала үшін зор қуаныш, үлкен мерей.
Балаларымыздың берілген пішінді бояп үйренуі әрекетінің нәтижесінде олардың бойында мынадай қасиеттер қалыптасады:
- Өз бетінше ойлану біліктері мен ізденімпаздығы.
- Берілген тапсырманы игеру ғана емес, оны жаңалап және тиімді игеру жолдарын түсіне білу ниеті.
- Өз ойының дербестігі. Өз бетінше бақылау, жаттығу, эксперимент жүргізу іскерлігі мен дағдылары қалыптасады.