Ақпараттық сағат өтті

Сәуір 08, 2022

08 сәуір күні балалар үйінің ЕДШ нұсқаушысы Нұргүл Ушкемпировна мекеме қызметкерлері үшін «Тірек-қимыл аппараты бұзылған ерте жастағы баланы дұрыс орналастыру: отыру, тұру жағдайы» тақырыбында ақпараттық сағат өткізді.

Жиында қазіргі таңда әлем бойынша ең өзекті мәселелердің бірі – қимыл  қозғалысында бұзылысы бар балаларды әлеуметке бейімдеу, оларды түзете-дамыту үрдісін жүргізудің оңтайлы әдіс-тәсілдерін жүргізу мақсатында ЕДШ нұсқаушысы өз бағыты бойынша мамандарымызға баламен жеке жұмыс жасау кезінде оған дұрыс күтім жасауға мүмкіндік беретін тиімді әдіс-тәсілдерді көрсетті. Баламен денелік тығыз байланыс орнату, отырғызу, тұрғызу секілді қарапайым жаттығулар бала өз денесін сезінуге, қызметкер мен бүлдіршін арасында жылы қарым-қатынас орнатуға септігін тигізетінін атап өтті.

Оқылды 250 рет