Алғыс айтамыз
Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Себебі, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болашағымыз жас ұрпақ!
Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері атынан керемет сыйлықтарымен балаларымызды қуаныш пен шаттыққа бөлегені үшін «ПО КазМетСервис-Астана» ЖШС ұжымына шексіз ризашылығымызды білдіреміз.
Балаларды қорғау – баршаға ортақ міндет. Ал, мереке қарсаңында оларға қуаныш сыйлау – азаматтықтың белгісі.
Димаш Құдайбергеннің «Феникс Твиттер Dears» фан клубына елордалық балалар үйінің бүлдіршіндеріне «Халықаралық балаларды қорғау күні» мерекесі аясында сыйлаған дәмді, әрі әсем безендірілген торты мен ерекше сыйлықтары үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.
Әрбір сәбидің күміс күлкісін аялау, қуаныш сыйлап, бақытқа бөлеу – абыройлы міндет. Бүгінгі балдырған – ел ертеңі, ұлт жалғасы.