Біздің жаңалықтар

Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

Қыс – балалық шақтың естелігі. Қыс – аппақ қар секілді кіршіксіз сезімдердің бастамасы. Шанасын көтерген балақайлар, олардың жүзіндегі қуаныш, қамсыз көңіл – бәрі-бәрі адамды бей-жай қалдырмайды. Көктем бүр жарған сезімдерді қайта оятушы болса, қыс сол нәзіктікті ұстайтын, берік ететін мезгіл. Әр топтың жетекшілері қыс мезгілін балаларға мүмкіндігінше түсіндірді. Міне, балалар қыс мезгілінің көрінісін тағыда бір тамашалады.

Иван бүгінгі туған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Саған зор денсаулық, қажымас қайрат, таусылмас бақыт тілейміз!

Осы аптаның басы ойын-сауықпен басталды. Барлық топтардың оның ішінде үлкен балапандары бояулар әлеміне саяхат жасады. «Бояулар әлемі» тақырыбында балалар  көз алдыларына қызыл, сары, жасыл, күлгін алапат асау бояулардың дүлей толқынның бейнесін елестеді!