Біздің жаңалықтар

15.08.2023 жылы Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нің «Күнім» оңалту тобының бүлдіршіндерінің бітіру кеші өтті.

Біздің мекеменің үлгілі қызметкерлері Джумашева Тұрсынай Мұрзақанқызы Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі атынан «Алғыс хат» алды.

2023 жылдың 26 ​​шілдесінде Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-де «Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша» және «Өрт-техникалық минимум бойынша» біліктілікті арттыру курсы өтті. Тренингті «ZHES-CAPITAL» ЖШС оқытушысы Карибаева Мадина Кажимеровна жүргізді.

 Тағы да, қуанышты сәттің куәсі болдық. Қанша рет жүрегіміз езілсе де, езу тартып, махаббатымызды сезіндірдік. Сіздер көріп тұрған суретте, жай ғана тәрбиеші емес. Бар махаббат пен мейірімді аямаған, тар құрсақта толғатып тумасада, туған анадан артығырақ бауырына басып, мәпелеген анасы.