Біздің жаңалықтар

Биылғы жылдың жаңадан ем-шара алуға келген балалар үшін «Күнім» және «Жұмбақ» күндізгі оңалту тобында кезекті ата-аналар жиналысы өтті.

Мекемеміздің басты мақсаты ата-аналарға мамандардың жұмыс барысын түсіндіру, ынтымақтастықты қалыптастыру. Әрине әрбір ата-ана балалары үшін уайымдайды, себебі қандай ортаға түсті және баламен қалай жұмыс жасап жатыр екен деген сұрақтар мазалайды.

«Жұмбақ» оңалту тобы оңалтуды қажет ететін ерекше балаларға бейімделген. Топта балалармен педагогикалық және медициналық мамандардан тұратын мультидисциплинарлық команда жұмыс істеді.

Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-нде Конституциясы күні мерекесіне арналған «Ата заң - Алтын тұғырымы» атты салтанатты іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара ашылу салтанаты Қазақстан Республикасының ән ұранымен ашылып, балалар үйінің директоры Татьяна Александровнаның мекеме ұжымын құттықтау сөзімен басталды.

Іс-шарада Қазақстан Республикасының Конституциясы жайлы бейнеролик көрсетіліп, патриоттық әндер шырқалып, өлеңдер оқылды.