Кішкентай баламен серуендеу
Ауа райы аяз болып тұрғанда өз сәбиін далаға шығара алмай тұратын аналар аз емес. Суық тиіп қалса? Жөтеліп, түшкіре бастаса? Сәбиге не қажет? Анасының сүті, құрғақ жаялықтар мен жылу. Сол үшін біз қолымыздан келгенше терезелерді жауып (өтпе жел болмас үшін), баламызды қымтаймыз.
Бірақ батарейлерден шығатын ыстық ауа қауіпті. Ол жұтқыншақты кептіреді, ол өз кезегінде микробтарға қарсы келе алмайды. Батарейлерге суы бар кез келген ыдысты қойыңыз, осындай қолданған жасалынған дымқылдаушы мәселені білгілі бір өлшемде шешеді. Ал баламен серуендеу өте қажет, себебі шынығу кезінде қолданылатын негізгі факторлардың бірі ауа болып табылады. Оның ағзасына температура, ылғал, барометрлік қысым және т.б. әсер етеді. Бұл параметрлердің барлығы өте өзгермелі және ұдайы серуендеу баланың бейімделу мүмкіндіктерін ұлғайтуға көмектеседі.
Ал күн шығып тұрған кездегі серуендер рахити ауруынан құтылуға көмектеседі, себебі күн шуағының арқасында ағзада Д дәрумені пайда болады. Қыста немесе күзде туған балаларға қарағанда жылдың жылы кезінде туған сәбилерге оңай болады. Олар перзентханадан шыққаннан кейін бірден далаға шыға беруге болады. Осындай серуендердің бас кезінде ұзақтығы 10-15 минут болады, содан кейін бара-бара ұлғаяды. Тікелей күн шуақтарына жоламаңыздар, ағаштардың көлеңкесінде серуендеген дұрыс. Айтпақшы, «жазғы» және «қысқы» балалардың аналары ауаның ылғалдылығы жоғары болған кезде, ауа салқынырақ болып сезілетінің білу қажет.
Денені ең қатты салқындататын – жел. Яғни, дымқыл және желді ауа райында балконда немесе ашық терезенің қасында серуендейміз. «Жазғы» балалар қысқа дейін нығайып, жаялықтарын қомақты комбинезондарға ауыстырады. Ал ең кішкетайлар көрпе және конверттерге қанағаттанады. Кенгуру-рюкзактарды бала отырып үйренгеннен кейін, яғни 4-5 айдан бастап қолдануға болатынын ұмытпаңыздар. Жылдың суық кезінде жаңа туған нәрестені далаға өмірінің 3-4 аптасында шығарады. Ауа температурасы -5С төмен болмауы тиіс, ал серуендеу уақыты 10-15 минут (ептеп-ептеп 1,5-2 сағатқа дейін ұлғаяды). Баланы серуендеуге киіндірген кезде келесіні есте сақтаңыз: қабат көп болған сайын, жылы болады. Балалардың қолдары, аяқтары және мұрындары ең тез тоңады.
Үйге келген кезде аталған жерлерін ұстап көріңіз, содан кейін балаңызды жылы немесе жұқа киіндіргеніңізді түсінесіз. Егер балаңыздың басында бірде-бір телпек тұрмайтындай басын шайқаса, онда бас киімнің астына орамал (арт жағынан байлап) салып көріңіз. Жаңа туған нәрестенің бетін жұқа матамен жауып қойыңыз. Соңыра оны алып тасауға болады. Баламен күннің ортасында серуендеген дұрыс. Егер күн аяз болса, онда балконда серуендеңіздер. Бала үшін серуен – ол, жақсы тәбет, жақсы ұйқы мен алқызы бет. Бұдан басқа, бір жасқа дейінгі балаларға анасымен байланыс өте маңызды.
Анасымен байланыс арқылы қоршаған ортаны тану әлемге негізгі сенім, үйлесімді және толыққанды психикалық дамуының ең басты талаптарының бірі пайда болуын қамтамасыз етеді. Ал баланың анасы үшін ол тек қана таза ауамен дем алу ғана емес, сонымен қатар қалыпты «жаялықтар-құты» бағытына өзгерістер енгізу мүмкіндігі. Жас ананың кісілердің көзіне көріну мүмкіндігі өте аз ғой. Ал баламен серуендеу кезінде құрбыларымен әңгімелесіп, көшедегі сәнмен танысуға болады. Ия-ия, күлмеңіздер. Себебі, үйде баланы емізіп, кір жууға және т.б. ыңғайлы киіммен жүреміз ғой. Ал баламен серуендеу өз киім-кешектеріне көз тастауға себеп болады. Жолыңыз болсын!