Балаларды орналастыру түрлері
Асырап алу – қандай да бір себептерге байланысты ата-ана мейірімінен, жылуынан айырылған балаларды туған отбасына барынша ұқсатып тәрбие беру, дамыту және өмірлік жағдайын ұйымдастыру.
Қамқоршылық және қорғаншылық – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастырудың балама түрі. Қамқоршылық 14 жасқа толмаған балаларға тағайындалады, ал қорғаншылық – 14 жастан 18 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балаларға тағайындалады.
Қамқоршы және қорғаншы органдары болып қамқоршылық және қорғаншылық бойынша өз қызметін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау органдары арқылы жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Сонымен қатар, қамқоршылық немесе қорғаншылық патронат түрінде де болады. Патронаттың пайда болуына ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы паторнатты тәрбиеге беру туралы келісім-шарт негіз болады.