Біз туралы
Жалпы ережелер
Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым.
Мекеменің түрі: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды, сондай-ақ туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі орталық жүйке жүйесі органикалық зақымданған балаларды тәрбиелеумен, күтіп-бағумен және медициналық көмек көрсетумен айналысады.
Мекеме «Денсаулық сақтау жүйесі мекемелерін қайта ұйымдастыру туралы» Астана қаласының арнайы экономикалық аймағы Әкімшілік кеңесінің 2000 жылғы 7 наурыздағы № 3-1-1341 шешімі негізінде құрылды.
Құрылтайшысы жергілікті атқарушы орган – Астана қаласының әкімдігі.
Астана қаласы әкімдігінің 07.03.2023 жылғы № 106-461 қаулысымен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – балалар үйі) туралы Жарғы бекітілді.
Өкілетті орган «Астана қаласының Қоғамдық Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің толық атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекеменің қысқартылған атауы: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ.
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Манас көшесі, №17/1.
Балалар үйі қызметінің мақсаты жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, некесіз туылған жас аналардың балаларына, сондай-ақ, ақыл-ой және дене дамуында ерекшелік бар балаларға медициналық көмек көрсету және тәрбиелеу болып табылады.
Балалар үйінің құрылымы
- қабылдау-карантин бөлімі 10 орынға негізделген.
Балалар үйлері туралы ережеге сәйкес 2018 жылғы ақпаннан бастап құрылымда өзгерістер болды:
- нәтижесінде келесі топтар ұйымдастырылды:
Әр түрлі жастағы және инклюзивті балалар үшін әрқайсысы 12 баладан аспайтын бірнеше типтік топтар құрылды;
- 2018 жылдан бастап балалар саны 6-7-ден аспайтын «Отбасы үлгісіндегі» топтар құрылды. Балалар топтан топқа ауыстырылмайды. «Отбасы сағаты» енгізілді. Барлығы 4 отбасылық топ.
- Мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалтуға бағытталған «Күнім», «Жұмбақ» және «Шиелім» күндізгі оңалту топтары жұмыс істейді. Болу мерзімі 3 ай. Балалардың жасы 1,5-4 жас. Топта әртүрлі диагнозы бар балаларға (церебральды сал ауруы, Даун синдромы) және оңалтуды қажет ететіндерге бейімделген. Топта физикалық, эмоционалды, сөйлеу, тактильді функцияларды қалпына келтіру үшін қосымша шараларды қажет ететін балаларға медициналық және педагогикалық оңалту жүргізіледі (15-тен аспайды). Топта көп салалы команда жұмыс істейді, оның құрамына ЕДШ мамандары, педиатрлар, логопедтер мен психологтар кіреді. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
- 2019 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж отбасы балаларына арналған күндізгі «Ботақан» тобы жұмыс істей бастады. Бұл топқа көп балалы отбасылардан шыққан, толық емес отбасылардан шыққан, баладан бас тарту қаупі бар материалдық табысы төмен отбасылардың балалары келеді.
Барлық топ бөлмелерінің ішкі орналасуы бірдей. Әр топта барлық қажетті функционалдық үй-жайлар бар: ұйықтайтын және ойын бөлмелері, жуынатын бөлме, ас ішетін бөлме, киім ауыстыратын бөлме, оқу кабинеттері.
Барлық топтардағы атмосфера үйге барынша жақын: қабырғаларда балалардың фотосуреттері ілулі, жиһаздар мен интерьер заттары жас ерекшеліктеріне сай, жарқын және функционалды. Мекемеде қолданылатын тәжірибелер мен әдістемелер балалардың дамуына қолайлы. Отбасылық типтегі топтардың қалыптасуы бір отбасынан шыққан балалардың туыстық байланыстарын үзбей бірге өмір сүруіне мүмкіндік берді. Бұл атмосфера балаларға агрессия деңгейін, жалғыздық сезімін және ыңғайсыздықты азайтуға мүмкіндік береді.
Мекемеде тұрғын үй-жайлардан басқа спорт зал, емдік дене шынықтыру кабинеттері, Монтессори кабинеті, бассейн, сауна, психолог бөлмелері, әдіскер, заңгер және әлеуметтік педагог кабинеттері, физиотерапия кабинеті, сенсорлық кабинет бар.
Біздің мекемеде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы топтар жоқ. Ерекше балалар қалыпты дамып келе жатқан балалармен бірге тұрады. Бұл ерекше балалардың өмірі мен дамуын жақсартуға мүмкіндік береді.
Мақсаты: ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Балалар үйінің негізгі міндеті:
- балалар үйінің негізгі міндеті туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикалық және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға тәрбиелеу, күтіп-бағу және медициналық көмек көрсету, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыру, балаларды отбасына алып жүру болып табылады;
- балаларды толық мемлекеттік қамтамасыз ету негізінде ұстау;
- балалар үйінде болған кезеңде олардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету;
- балаларға үй жағдайына жақын, ақыл-ой, эмоционалды және физикалық дамуына ықпал ететін қолайлы жағдайлар жасау;
- балалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуды, медициналық-әлеуметтік көмекті, кешенді медициналық-психологиялық және педагогикалық оңалтуды, олардың әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету;
- ата-аналармен (заңды өкілдермен), балалардың туыстарымен және басқа азаматтармен байланыста болу және сақтау;
- балаларды отбасына орналастыру.
Балалар үйінің қызметі: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № 327 бұйрығы «туғаннан бастап үш жасқа дейінгі жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, туғаннан бастап төрт жасқа дейінгі психикасының және дене бітімінің дамуында кемістігі бар балаларға арналған, баладан бас тарту қаупі бар отбасыларды психологиялық-педагогикалық қолдауды жүзеге асыратын Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже», сондай-ақ «Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, туғаннан үш жасқа дейінгі, ақыл-ойы мен дене дамуы бұзылған балаларға арналған денсаулық сақтау ұйымдарының қызметі туралы ереже» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № 85 бұйрығымен регламенттелген.