Дағдарыстық бөлімнің қызметі
Мамандандырылған балалар үйінің сайтына кірушілердің назарына – мекемеде Астана қаласы әкімдігінің №106-486 қаулысы негізінде ашылған және ата-аналары материалдық, әлеуметтік және тұрмыстық қиындықтарға тап болған балаларға арналған дағдарыс бөлімі жұмыс істейді.
Биологиялық отбасын сақтап, баладан бас тарту қауіпін жою мақсатында әлеуметтік қиын жағдайға тап болған аналар «Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ-нің ана мен бала бөліміне, сондай-ақ «Астана қаласының Білім басқармасы» ММ-нің қорғаншылық және қамқоршылық бөліміне барып баласын уақытша орналастыруға құқылы. Баланың осы бөлімшеде болу мерзімі 12 айдан аспайды.
Балалар мемлекет қамқорлығында болған кезде анасына (әкесіне) өмір сүру жағдайларын өзгертуге мүмкіндік беріледі, ол аптасына кемінде бір рет балаға келуге міндетті, бұл ата-ана мен нәресте арасындағы байланысты жоғалтпауға мүмкіндік береді. Ата-аналар баласы мекемеде уақытша болу кезінде мекеменің әлеуметтік қызметімен байланыста болуы керек. Ата-аналарға заңгердің, әлеуметтік қызметкердің, дәрігерлердің және балаларының денсаулығы мен дамуын бақылайтын басқа да мамандардың консультативтік көмегі көрсетіледі.
Мемлекет қамқорлығында уақытша орналасу мерзіміне өткен кезде, баланың ата-анасының жергілікті атқарушы органдарда қарастыратын қайтару туралы өтініші бар болса, еш қиындықсыз баласын үйіне алып кете алады.
Дағдарыстық жағдайлардың себебі жетерлік, ең жиі кездесетін – ол материалдық демеушіліктің жоқ болуына әкелетін неке қарым-қатынасының бұзылуы, қылмыс істеу, емдеу-алдыналу мекемелерінде ұзақ мерзімді емге орналастырылуы, бұл жағдайлардың бәрін жоюға болады.
Қазіргі уақытта жалпы әлеуметтік мәселелер толық шешілмеген болып қалады, бірақ мемлекет қиын жағдайға тап болған отбасыларға көрсететін демеуі, соның ішінде біздің мекемеде баланы орналастыру, бұл мәселелерді ықшамдауға мүмкіндік береді. Соңғы 3 жылда 128 бала биологиялық отбасына қайтарылды.
Аталған ақпарат оңтайлы нәтижені куәландырады және дағдарыстық бөлімнің басты мақсаты – биологиялық отбасына сақтау қызметін іске асырады.