Конкурсты ұйымдастырушы: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ-і

Мекен-жайы: Астана қ., Манас к-сі, 17/1. 

Тамақтану азық-түлігін қайта сатып алу бойынша конкурсты өткізетіні туралы хабарлайды.

Тауар жеткізілуі тиіс: Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ Астана қ., Манас к-сі, 17/1 мекен-жайы бойынша.

Тамақ алатындар санаты: туғаннан 4 жасқа дейінгі балалар.

Тамақтану азық-түлігін сатып алу бойынша конкурсқа (лоттарға) бөлінген сома ҚҚС есебінсіз 44 863 438,95 (қырық төрт миллион сегіз жүз алпыс үш мың төрт жүз отыз сегіз) теңге, 95 тиынды құрайды.

Сатып алынатын тауарлардың толық тізімі, техникалық тапсырмасы, тауарларды жеткізудің мерзімі конкурс құжаттамасында көрсетілген.

Тауарды жеткізу мерзімі: шарт қазынашылықта тіркелген күннен бастап жыл бойы Тапсырыс берушінің өтінімі бойынша.

Конкурс құжаттамасының талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

2024 жылдың 07 ақпанға дейін (қоса санағанда) конкурс құжаттамасының көшірмелерінің топтамасын Астана қ., Манас к-сі, 17/1 мекен-жайы бойынша, есепшілер кабинеті, сағат 09:00-ден 18:00-ге (жергілікті уақыт бойынша) дейін алуға болады, және де интернет-ресурс эл.мекен-жай: balalar-uii.kz алуға болады.

Конкурс лоттар бойынша бөлінген жағдайда, әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға құжаттарды әр лотқа бөлек ұсынады.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер желімделген конвертпен Астана қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» КММ Астана қ., Манас к-сі, 17/1 мекен-жайы бойынша, есепшілер кабинетіне тапсырады (жолданады).

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі 2024 жылғы 08 ақпан, сағ. 10:00-ге дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер конверттері келесі мекен-жайы бойынша ашылады: Астана қ., Манас к-сі, 17/1, ұйымдастырушылық-әдістемелік кабинет, 08.02.2024 жылғы, сағат 11:00.

Қосымша ақпарат және мәліметтерді 8 (7172) 56-11-27, 57-11-26 телефондары бойынша алуға болады. Электрондық мекен-жай: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

 

Қосымшаны сақтау...