Құрметті Дурия Каратаевна!
Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз. Әрдайым осы тыңғылықты да тындырымды қалпыңыздан танбай, табыстан табысқа жете беріңіз. Отбасыңыздан ынтымақ, басыңыздан бақ таймасын! Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы - мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Дос - жаран мен туған – туыс, әріптестер алдында абыройыңыз әрдайым артып, аңсаған арманыңыздың асуларына жете беріңіз!
Әппақ арын ешқашан кірлетпеген,
Көркемдігі тең келген суретпенен.
Туған-туыс, дос-жаран, әріптестер,
Ардақтайды өзіңізді құрметпенен.
Еңбек жолы татиды сан аңызға,
Сізге қарап күлімдеп қаламыз да.
Отбасыда бақытты ғұмыр кешіп,
Аман-есен жүре беріңіз арамызда.
Зейнеткерлік жасқа кеп шаттанасыз,
Әлі талай шыңдардан бақ табасыз.
Шын жүректен бәріміз құттықтаймыз,
Көш керуеніңіз ешқашан тоқтамасын!