Құрметті Байкенова Алма Бектемировна!
55 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!
Бүлдіршіндеріміздің тәрбиесі мен күтіміне жауап беріп, ұжымымызда өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой - беделге ие болған тәжірибелі, үздік тәрбиеші ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет - ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс - тартулардың тау суындай таусылмасын деп тілейміз.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!