Құрметті Сапия Балмаганбетқызы!
Сізді Балалар үйінің ұжымы мен бүлдіршіндері туылған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Осы қуанышты күні Сізге деніңіздің саулығын, шаңырағыңызға ырыс байлығын, жүрегіңізге мәңгі жастық жалынын, көңіліңізге сезімнің шалқыған шаттығын тілейміз.
Бүлдіршіндерімізді мейірімізге бөлеп, ерекше қамқорлықпен тәрбиелеп келесіз. Өз еңбек жолыңызда үлгі тұтарлықтай қызмет етіп, ұжымның және достарыңыздың құрметіне бөлендіңіз. Таңдаған жолыңызды абыроймен мақтан тұтарлық тамаша балаларды тәрбиелеп, өсірдіңіз.
Құтты болсын қуанышты күніңіз,
Бақытты боп шаттық өмір сүріңіз.
55-ке міне келіп жеттіңіз,
Енді жүзге құлаш сермеп шығыңыз.
Мереке күн нұрға толсын жүзіңіз,
Қуаныңыз, шаттаныңыз, күліңіз,
Бала-шаға қызығына кенеліп,
Ортамызда аман-есен жүріңіз!