Құрметті Асима Дурмановна!

Сізді бүгінгі есте қаларлық өте әдемі, әрі мәнді  мерекеңізбен 50 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз!

Арманның ажарында, бақыттың базарында күліп-ойнап, көпшіліктің алғысы мен құрметіне бөленіңіз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, осы қалпыңыздан таймай, асулардан асып, берекеңіз тасып, мәңгі жастық қалпыңызды сақтап, ұзақ жасай беріңіз.

 

Құтты болсын бүгін туған күніңіз,

Әріптестерге биік тұлға – аяулы жансыз.

Қуанамыз өзіңізбен біз бүгін

Шықсын ылғи алдыңыздан ізгі күн.

Алғы күннен күтер әркім жақсы үміт,

Келе берсін Сізге ылғи бақ күліп.

Әлі талай қызықтарға кенеліп,

Бұл өмірдің көріңіз тек жеңісін!!!

  • 01
  • 02