Құрметті Гаукер Байдукенқызы!
60 жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!
Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой – беделге ие болған тәжірибелі, үздік мейірбике ретінде құрмет тұтып сыйлайды. Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді құрмет тұтып үлгі көреді. Осы қуанышты сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілейміз. Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!