Құрметті Гүлнара Рахимқызы!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтаймыз, ойлаған арманыңызға жетуіңізге тілектеспіз. Сізді тек биіктерден көрейік. Шаңырағыңызға құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңызға – амандық, денiңізге – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiз, арманыңыз – асқақ, шығар биігіңіз асқаралы болсын!
Деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз. Еңбегіңіз еленіп, толағай табыстарға жете беріңіз! Әр күніңіз бақыт пен ізгілікке толы болсын.