Құрметті сайт қонақтары!

Біздің сайтқа кіргендеріңіз үшін қуаныштымыз!

Дүниеге келген әр сәби бақыт пен сүйіспеншілікке бөленуге құқылы. Бірақ, өкініштісі, кейбір жас аналар өмірдегі қиындықтардан қорқып, ең қорқынышты қадамға барады – балаларын тастап кетеді. Біздің жұмысымыздың мақсаты: ата-анасы бас тартқан және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқорлық көрсету.  Белгілі бір себептермен біздің мекемеге келген сәбилер, балаларды шын сүйетін аналары мен әкелерін тезірек тауып, балалық шағы мен өмірінің әр күнін жаңа отбасында қуанышта өмір сүріп, біздің еліміздің үлгілі азаматы болса дейміз!

Азаматтарды қабылдау кестесі 11.00-ден 13.00-ге дейін әр сәрсенбі.

Директор, Кенжебаева Сауле Кенжетайқызы

 

 

Сұрақ-жауаптар   
#7 Aaasss жауап 02.03.2023 01:57
Цитирую Aaasss:
Сәлеметсізбе! Мен бала асырап алғым келеді ол үшін міндетті түрде оқуын оқуымыз керек пе онсыз болмайды ма?

Сәлеметсіз бе! Бала асырап алу үшін тұратын мекен-жайыңыз бойынша қамқоршы бөліміне баруыңыз қажет, сол жерде Сізге құжаттар тізімін беріп, бағыт-бағдар береді. ШПР (Школа приемных родителей) өтесіз 3 ай онлайн форматта кейін опека арқылы немесе через ЦОН рбд копд база данных детей пароль/логин аласыз ол бойынша кез келген қаладан кез келген жастағы өзіңізге ұнаған баланы асырап ала аласыз.
Сұраққа жауап
#6 Көптенбаева Жансаяға жауап 27.07.2022 22:53
Цитирую Көптенбаева Жансая:
Сәлеметсіз бе! Бала асырап алу жайында толық мәліметті қайдан алсам болады?

Сәлеметсізбе, Жансая! Бала асырап алу үшін тұратын мекен-жайыңыз бойынша қамқоршы бөліміне баруыңыз қажет, сол жерде Сізге құжаттар тізімін беріп, бағыт-бағдар береді. Бала асырап алуға қатысты толық ақпаратты 8 7172 561261 балалар үйінің әлеуметтік бөліміне хабарласып біле аласыз.
Сұраққа жауап
#5 Нургулге жауап 04.06.2022 23:43
Цитирую Нургул:
сәлеметсіздер ме? Мен ұлымды балалар үйіне УАҚЫТША өткізсем деген едім. Әкесі бар, бірақ қараспайды. Мен жұмыс істейін десем, балаға бір ұрамм уақыты жоқ екен. Қиналып кеттім, кредитім бар ай сайын, маған азанда кетіп, түнде бірақ келетін жұмысқа кіру керек болып тұр… Ажырасып қайтып қосылған, едік. Әле өзгермеген, ар жақта апасы мен 1 ші әйелінен 2 баласы бар. Ол соларға жақын болып тұр қысқасы.
Жақында үлкен ұлым келеді, биыл мектепке барады. Оған қарай аламын, өсіп қалған, қасымда ертіп жүре берем. Кішкентайым уайым болды…Сіздерден басқа сенетін жерім жоқ. УАҚЫТША, УАҚЫТША өткіземін, қарыздарымды жауып алғанша. Бала қарасатын, жаны ашитын адам жоқ қасымда. Қатты қиналып кеттім неше ай болды. Кішкентай ұлым, біз ажырасып жүргенде сіздердің садиктеріңізге барған еді.

Сәлеметсізбе, Нұргүл! Мамандарымыз сізбен байланысқа шығуы үшін Сізден ұялы байланыс нөмеріңізді беруіңізді сұраймыз. Сондай ақ 8 707 227 7992 Жансая Кульмановаға, немесе 8 7172 561261 балалар үйінің әлеуметтік бөліміне хабарласыуыңызға болады.
Сұраққа жауап
#4 Аружан Қапбароваға жауап 06.04.2022 21:50
Цитирую Аружан Қапбарова:
Сәлеметсізбе,сіздерге жұмыска орналасқым келіп еді
Вакансия бар ма?

Сәлеметсіз бе Аружан! Бос жұмыс орындары жайлы ақпаратты +7 (702) 589-76-36, жұмыс уақыты сағат 09.00 - ден 18.00-ге дейін – Жексембина Айгуль Шабденовна Адами ресурстарды басқару бөлімінің басшысынан біле аласыз.
Сұраққа жауап
#3 Ответ для Татьяны Б 10.01.2022 14:24
Цитирую Татьяна .Б:
Добрый день , хотела бы к вам устроится на работу ..какие есть вакансии ?

Здравствуйте Татьяна! Актуальные вакансии можете посмотреть на сайте в разделе О нас - Вакансии, переключение языка сайта находится сверху на главной странице.
Сұраққа жауап
#2 Марияға жауап 06.09.2020 21:25
Цитирую Мария:
Саламатсыз ба, опекага оформление жасай ма, егер сертификат шпр октябре берилсе, окып жаткан туралы справка бар, кандидат пишет
Сәлеметсіз бе! Бала асырап ашу үшін rbd-kopd.kz порталынан баланы тандап, танысуға келуіңізге болады! Толық ақпаратты 561621 немесе 8(707)2277992 нөмірлерінен алуыңызға болады.
Сұраққа жауап
#1 Алмагульге жауап 20.03.2020 16:31
Цитирую Алмагуль:
Саламатсыз ба, Сауле Кенжетаевна. Мен КОПД-да тіркеуде тұрған кандидатпын. Тізімнен бала кезіктірдім, дегенмен бала больницада ем алуда екен, хабарласытым дегенмен 3 бірдей телефоннан мардымды ешқандай мәлімет ала алмадым, қызметкерлеріңіз дұрыс жауап қайтармады, сұрақтарыма жауап бере алмады. Дәрігерге де хабарластым, қажеттерімді өтей алмағандықтан сізге хабарласып отырмын. Маған жауап беріңізші кіммен хабарласып, баланың қай уақытта больницадан шығатыны туралы мәлімет керек, өтініш көмектесіп жіберіңізші, барлық құжаттарым түгел, Ақтөбеден жазып отырмын, қазір карантин екениін білемін, дегенмен баланың жағдайы туралы сұрағым келгені, өзім алғаннан соң өз қалама алып кетіп емдесем бола ма сол туралы
Қайырлы күн, Алмагуль! rbd-kopd.kz порталынын жұмысы жайында мекеме маманы Жансая Кульмановаға хабарласуыңызға болады, тел.: 87072277992. Елiмiзде орын алған Төтенше жағдай жане Нұр-Сұлтан қаласына енгiзiлген карантинге байланысты мекеменiң кейбiр қызметкерлерi қашықтықтан жұмыс атқарып жатқаны жайлы ескертемiн.
Сұраққа жауап
Сұрақ қою