Петрушка және оның достары!

Тамыз 29, 2020

Біздің үйде «Алақай» қуыршақ театр студиясы 2 жылдан бері жұмыс істейді. Ай сайын сәбилеріміз ертегінің сиқырлы әлемімен кездеседі. Толықметражды қуыршақ, көлеңке театрлары балаларды әртүрлі ертегілермен таныстырады. Әр ертегі қызықты ойындармен, тәрбиелік тапсырмалармен және дәмді тағамдармен бірге жүреді. Ертегілік қойылымдарға таңданып, қызығушылық танытқан балалар әр қойылымды ерекше әсермен тамашалайды.

Пандемия біздің өмірімізге өзіндік өзгерістерін енгізді. 6 айға «Алақай» қуыршақ театр студиясы жұмысын шегіре тұрды. Бірақ өз жұмысын жалғастыруға мүмкіндік туа салысымен, «Қоңырау» тобы балаларымызға «Петрушка және оның достары!» шоуын көрсетті. Балапандарымызбен уақытты көңілді өткізу үшін біздің үйге қонаққа Петрушка және оның достары – Маша, Аю, Түлкі, Мысық, Қояндар келді. Өздерімен бірге алып келген дәмді бауырсақтарын бүлдіршіндерімізбен бөлісті. Түлкі сыңғыр күлкісімен сәбилеріміздің көңілін өзіне аударып, қояндарды айласымен ұстап алмақ болды. Ал аңғарымпаз сәбилеріміз Түлкінің арбауына түспей, Қояндарға Түлкіден қашуға көмектесті. Мысық өзімен бірге әдемі қасықтар әкеліп, сәбилерімізге сыйлады. Балапандарымыз сыйға алған қасықтарын музыка ырғағымен қатты және баяу соғып көңіл көтерді. Балғындарымыздың ең сүйікті кейіпкерлері Маша мен Аю балаларымыз бен би – билеп, ән салып, уақытты көңілді өткізді. Петрушка өзі әкелген сылдырмақтарымен балаларымызбен бірге сылдырлатып ән салды. Керемет ұйымдастырылған қуыршақтар театры сәбилеріміздің көңілін көтеріп, ерекше қуанышқа бөледі.

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
  • 6
  • 7
  • 8
  • 9
  • 99
Оқылды 481 рет