«Бала ойынмен өседі» демекші, ойындардың бала тәрбиесіндегі рөлі ерекше. Ол – сандаған ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен сенімді тәрбие құралы. Ойын жігерлікке, шыдамдылыққа, және ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Сондай-ақ балалардың ойлау қабілеттерін дамытады.
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде, «Балалар ойын алаңының» ашылу салтанаты өтті. Қызылды-жасылды шарлармен безендірілген алаң бүлдіршіндерімізді шексіз қуанышқа бөледі. Балаларымыздың бос уақытын тиімді ұйымдастыруды мақсат еткен заманауи алаң (балалар ойын алаңы, жаттығу алаңы) ретінде қолданылатын болады.
Еліміздің көркейіп болашақта өркениетті елдер қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесінен көрінеді. Біздің мақсатымыз салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы балалаларымыздың денсаулығын сақтау және нығайту, дені сау, жаны таза, қозғалыс ептілігі мен дағдылары жетілген, салауатты өмір салтын сақтайтын тұлға қалыптастыру.