09 маусым күні елордалық балалар үйінің қызметкерлері «SMART USTAZ» бағдарламасы бойынша психолог Зухра Абдрахманова өткізген «Эмоционалдық күйзелістің алдын алу» тренингіне қатысты.
Тренингтің мақсаты: қызметкерлердің психологиялық денсаулығын сақтау және нығайту, эмоционалды күйзелістің алдын алу үшін жағдай жасау.
Тренинг барысында қатысушылар өздерін таныстырып, есімдерінің қойылу тарихын қысқаша әнгімелеп берді. Бұл сергіту сәті қатысушылардың өздерін еркін сезініп, ортаға тез бейімделуі үшін өткізілді. Содан соң, қызықты тапсырмалар беріліп, қатысушылардың эмоционалды сезімдерін жақсартып, мүмкіндіктерін шыңдауға бағытталған ойындар ойнатылды.
Тренинг соңында барлық қатысушыларға Елбасы Академиясы қорының «SMART USTAZ» бағдарламасы бойынша арнайы сертификаты табыс етілді. Сондай-ақ, тренингке қатысушылар онлайн платформада оқуды жалғастырудың бірегей мүмкіндігіне ие болды.
Психолог Зухра Абдрахмановаға және Елбасы Академиясының корпоративтік қорының ұжымына балалар үйінің қызметкерлеріне арнайы өткізген тренинг үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.