Бүгін біздің балалар үйінде думанды мереке. Себебі, «Үміт» тобының сымбатты бүлдіршіні Илья 3 жасқа толды.
Илья, сені бүгінгі туылған күніңмен шын жүректен құттықтаймыз! Өмірің қуаныш пен шаттыққа толсын. Жақсы адамдар жан серігіңе айналсын. Сені тек биіктерден көрейік. Аңсаған армандарыңа тек бакытпен жет. Өмір жасың ұзақ болып, жарқын және есте қаларлық оқиғаларға толы болсын!