14 маусымда Нұр–Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не, Ресейдің Санкт-Петербург қаласынан «Дети ждут» қайырымдылық қорының президенті Уварова Лада Борисовна, «Дети ждут» қайырымдылық қорының атқарушы директоры Логутова Алена Владимировна, патронаттық отбасыларды қолдау жөніндегі жетекші маман, психиатр Дорофеева Татьяна Владимировна, патронаттық отбасыларды бейімдеу орталығының директоры Щеглова Мария Александровна, «АНА ҮЙІ» қоғамдық қорының өкілдері жетекшілігімен жұмыс сапарымен келді.
Балалар үйінің директоры Сәуле Кенжетайқызы қонақтарды мекеме қызметімен таныстырып, экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында қонақтар балалар үйінің қызметімен белсенді түрде қызығушылық танытты. Өз кезегінде балалар үйінің қызметкерлері Ресейдегі мекемелердің жұмысына қатысты сауалдарын қойды. Әңгіме барысында көптеген ортақ тақырыптар мен сұрақтар туындады.
Балалар үйінің ұжымы «Дети ждут» қайырымдылық қорының өкілдеріне үйіміздің кішкентай тұрғындарына көңіл бөліп келгендері үшін алғысын білдіреді.
«Дети ждут» қайырымдылық қорының қызметкерлеріне кәсіби жетістіктер, өркендеу, көтеріңкі көңіл-күй, мықты денсаулық, баянды бақыт және қолға алған барлық бастамаларына сәттілік тілейміз!