Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйінің аға тәрбиешісі Лаура Серікқызы жақсылықты жанына серік етіп, игі істерімен адамдарға жан жылуын сыйлап жүрген жандарға арналған ҚР Тұңғыш Президенті қорының Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының, «Хабар» агенттігі мен «КТК» арналарының қолдауымен елімізде жыл сайын өткізілетін «Қайырымдылық керуені» байқауына қатысып, «Алғыс хатпен» марапатталды.
Өз еңбек жолын жастайынан балалар үйінен бастап, 15 жылдан астам уақыт бойы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға өнегелі тәрбие мен сапалы білім беріп, мейіріміне бөлеп, қамқорлық көрсетіп жүрген аяулы жанды, балалар үйінің ұжымы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтаймыз.
Лаура Серікқызы, Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімізді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, ауқымды идеялар мен мақсаттардың тезірек жүзеге асуын тілейміз.