Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл

Қырқкүйек 11, 2020

Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде бүгін әдеттегідей осы аптаның қорытынды жиыны өткізілді. Жиналыс барысында мекеменің бірқатар мамандарының есебі тыңдалды. Жиналыс соңында Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Карлыгаш Лесбаевна Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы құрметіне арналған мерекелік бағдарламалар жоспарын жариялады.

Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мекемеміздің қызметкерлері арасында «Абайтану» тақырыбында брейн-ринг ұйымдастырылды. Арнайы шарада Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты риторикалық сұрақтар қойылып, дұрыс жауап бергендерге сыйлық берілді. Бағдарлама соңында Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» оқылып, «Көзімнің қарасы» әні қызметкерлермен бірге орындалды.

Абай Құнанбайұлы – әлем мойындаған дана ұстаз, ұлы ақын және адамзаттың данышпаны. Абай Құнанбайұлының данышпандығының ұлылығы оның ұлттық рухтың тұрақтылығын бұрын-соңды болмаған биікке көтере білгендігінде, әлем мойындаған «Қара сөздері» арқылы өз ұлтының санасына табандылық пен мақсаттылықты енгізе білді. Біз Ұлы ойшылдың шығармашылығы лайықты, мақтан тұтар рухани қолдау тапқаны үшін тағдырға қайта-қайта алғыс айтуымыз керек.

Көп адам дүниеге бой алдырған,

Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.

Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған. – деп төрелігін өзі шешкен Абай Құнанбайұлы жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге мәңгі өмір сүре бермек!

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
Оқылды 436 рет