Халықаралық медицина қызметкерлері күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің медицина қызметкерлерін мерекемен арнайы құттықтап, қуаныш сыйлау мақсатында әсем хош иісті гүл шоқтарын сыйға берді. Бұл біздің балалар үйінің ұжымы үшін үлкен мәртебе!
Құрметті Ажар Ғиният ханым!
Балалар үйінің ұжымын назарыңыздан тыс қалдырмай, алтыннан қымбат уақытыңызды бөліп, үйіміздің ақ халатты аяулы жандарына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлағаныңыз үшін шын көңілден ризашылығымызды білдіреміз.
Сізді «Медицина қызметкерлері күні» мерекесімен құттықтаймыз! Сізге мықты денсаулық, отбасыңызға амандық, баянды бақыт пен табыс тілейміз.
Ел игілігі жолындағы еңбегіңіз әрдайым нәтижелі, мерейіңіз үстем болсын!