«Отбасы – бақыт мекені»

Қырқкүйек 15, 2020

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Отбасы күнін мерекелеу аясында 14-21 қыркүйек аралығында «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нде «Отбасы – бақыт мекені» апталығы өтеді.

14 қыркүйекте «Қоңырау», «Қуыршақ», «Шиелім», «Бөбек» отбасылық үлгідегі топтарында жанұялық сағаттар өткізілді. Әртүрлі жастағы балаларға арналған «Үміт» және  «Күнім» оңалту тобының тәрбиешілері «Менің берік отбасым» тақырыбында тәрбие сағат өткізді. Әр топ іс-шараны өткізуде: балаларға арналған тәтті тағамдарға толы дастархан жайды, топтарды безендірді, әр түрлі сыйлықтарымен балаларға тосын сый жасады. «Үміт» және «Бөбек» топтарының тәрбиешілері ертегі саяхаты түрінде іс - шара ұйымдастырды. «Қуыршақ» тобының тәрбиешілері балаларға Қазақ халқының ұлттық салт - дәстүрлері туралы айтып беруді шешті. «Қоңырау» тобының тәрбиешілері балаларымен бірге «Менің бақытты отбасым» суреттерін қарады және әжені дәмді бауырсақтарымен қарсы алды. «Шиелім» тобының балалары тәрбиешілерімен бірге өз қолдарымен жасаған жүректерін бір-біріне сыйлады. «Күнім» күндізгі оңалту тобының балалары саусақ Театрының – «Менің отбасым» қуыршақ қойылымын тамашалады.

Арнайы ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – балаларда отбасы құндылығы туралы түсінік қалыптастыру. Бұл балаларды дамыту мен тәрбиелеудің негізгі міндеттерін арттыруға арналған. Осы орайда біздің мақсатымыз – заман талабына сай жаңашыл, шығармашыл, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: «Отбасы – шағын мемлекет, Мен – президент, сен – премьер» дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттік өз басқару жүйесі әртүрлі болады. Осы сияқты әр отбасының өз тактикасы, басқару жүйесі болады. Ұрпақтың ер жетіп өсуі, бойындағы алғашқы адамгершілік белгілері отбасында қалыптасатыны белгілі. Жанұя – табиғат сыйлаған кереметтердің бірі. Жеке адамның бойындағы ар – ұятын, ақыл-ойын, адамгершілігін, мәдениеттілігін тәрбиелеуге отбасы – алғашқы қадам.

Отбасы – сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, яғни кез келген зиялы қоғамның діңгегі. Сондықтан да мерекеде бір-біріңізге әдемі де әсерлі сөздер арнап, ерекше сыйластық көрсете біліңіздер! Тек қана арнаулы мереке күндері емес, жылдың әрбір минутында, әрбір сағатында, жанұяңызды ыстық ықыласыңыз бен шексіз махаббатыңызға бөлей жүріңіз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09
  • 091
  • 092
  • 093
  • 094
  • 095
  • 096
  • 097
  • 098
  • 099
Оқылды 579 рет