Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қонаққа келді

Маусым 27, 2022

2022 жылғы 27 маусымда Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-не Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза қонаққа келді.

Көп жылдар бойы Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырза біздің балаларымызға үнемі қамқорлық жасап, қолдау көрсетіп, көмек көрсетіп келеді. Елші мырза балаларымызға сыйлаған есту аппараттарының арқасында 4 кішкентай бүлдіршіндеріміз дыбыстарды алғаш рет есту мүмкіндігіне ие болып, нәтижесінде отбасын тапты!

Балалар үйінің кішкентай тұрғындары елші мырзаға шағын қойылым әзірлеп, құрметті қонағымызды салтанатты түрде қарсы алды.

Балалар үйі директоры Сәуле Кенжетайқызы Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Тарек Абдулла Аль-Фарадж мырзаға біздің бүлдіршіндерімізге деген ерекше көзқарасы үшін алғысын білдіріп, естелік ретінде естелік сыйлықтар табыс етті.

Елші мырза аға тәрбиешіміз Жанна Алпыспайқызын еске алып, рухына арнап Құран сүресін оқып, еліміздің кішкентай азаматтарына деген ерекше мейірімі мен адал еңбегі, қамқорлығы үшін балалар үйінің ұжымына алғысын білдірді.

Балалар үйі ұжымы мен бүлдіршіндері атынан Елші мырзаға амандық, бақыт және мықты денсаулық, сәттілік пен табыс тілейміз!

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05

 

Оқылды 292 рет