«Отбасы бақыт мекені» отбасы мерекесіне арналған апталық аясында еліміздің болашағы балаларымыздың денсаулығын шыңдау мақсатында «Мен және сен – отбасымыз берік біз» спорттық эстафетасы ұйымдастырылды. Сайысқа «Қуыршақ», «Қоңырау», «Шиелім», «Бөбек» тобының бүлдіршіндері қатысты.
Сайыс балаларға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы ептілікке, жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу үшін өткізілді. Балалар Қасқыр және Аюмен бірге көңіл көтерді. «Шаттық шеңбері», «Көңілді жеміс-жидектер», «Кім шапшаң?», «Жер асты жолдары» сайыстары, «Күн және түн» сергіту сәті болды. Жарыс өте көңілді өтті, балалар жеңімпаз болу үшін өте белсенді қатысты. Сайыс соңында балаларға сыйлықтар берілді.