Бүгін «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ – де «Күнім» оңалту тобында ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың мақсаты: ата-аналарды оңалтудың аралық нәтижелерімен таныстыру. Әр ата-ана мамандардан ұсыныстар алды. Аналар мен әкелерден ұжымға өздерін және балаларын тексеруге мүмкіндік бергені үшін, алғыс сөздер өте әсерлі айтылды.