Бүгін "Шиелім" отбасылық тобында мереке. Сүйкімді бүлдіршін, Мирастың туылған күні. Керемет, батыл, көңілді және ақылды балапанды шын жүректен құттықтаймыз. Мирас, біз саған қабілетті, жігерлі, алғыр, тәрбиелі және мықты бала болып өсуіңді тілейміз. Өмірің түрлі қызықтар мен қуанышты сәттерге толы болсын. Саған зор денсаулық және осы қызықты әлем туралы білуге, нағыз ержігіт болып өсуге деген қажымас қайрат тілейміз. Туған күніңмен, тәтті бүлдіршін!
Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.
Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!