Сүйіспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерге баулуға ұмтылады. Себебі, ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болашағымыз жас ұрпақ!
Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қуаныш пен күлкі сыйлау үлкен сауапты іс.
Балалар үйінің бүлдіршіндері мен ұжымына арнайы келіп, балаларымызға арналған түрлі сыйлақтарымен, тәтті шырындары, жеміс-жидектері және балаларға керек қажеттіліктерді табыстап, балдырғандарымыздың жүзіне қуаныш жүрегіне жылу сыйлаған Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Жақия Мерей Қанатұлы және «Әс-Сәлам» мешітінің Бас имамы Смагулов Дастан Зияшұлына шексіз алғысымызды білдіреміз. Мықты денсаулық, мол бақыт, әрбір қайырымды бастамаларыңыз сәтті жүзеге асып, қуаныш сыйласын! Жақсылықтарыңыздың сауабы мол болсын!