Еуропалық Одақтың жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау жөніндегі SOCIEUX+ сараптама орталығының өкілдері болды

Шілде 14, 2022

Бүгін елордалық балалар үйінде, Еуропалық Одақтың жұмыспен қамту, еңбекті қорғау және әлеуметтік қорғау жөніндегі SOCIEUX+ сараптама орталығының өкілдері болды. Ana Obradovic-балалар құқықтары, ұйымдық құрылымдар, рөлдер мен келісімдер саласындағы сарапшы, Lucija Vejmelka- Загреб университетінің әлеуметтік жұмыс бойынша адъюнкт PhD профессоры, бала күтімі бойынша сарапшы, сондай-ақ, "Позитив Үміт" қайырымдылық қорының атқарушы директоры Жанель Бекшенова, қордың қызметкерлері Ләтипа Қожамкулова, Айткүл Кемебаева, Ана үйі ҚҚ-ның өкілдері. Кездесу барысында қонақтар мекеменің қызметімен танысты. Директормен бірге, олар аса қызығушылықпен үйдің ішін аралап көрді, оларды «Үйдегідей» балалар үйінің жұмысын жаңғырту бағдарламасы, күндізгі топтардың жұмысын ұйымдастыру және т.б. қызықтырды. Кездесу соңында қонақтар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, бірлескен жұмыстың көптеген сәттерін талқылады. Қонақтар біздің мекемеден жақсы әсер алды, кездесу нәтижелі өтті.

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
Оқылды 240 рет