«Отбасы бақыты» атты тренинг өтті

Қырқкүйек 17, 2020

Халқымыздың тамыры терең кеткен, тарихымен бірге жалғасып келе жатқан рухани байлықтарының бірі – отбасы құндылықтары.

Отбасы – адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Отбасы құндылықтарын нығайту мақсатында, «Отбасы бақыт мекені» апталығы жалғасуда, бүгін біздің үйде психолог Гүлжан Алтынбекованың жетекшілігімен «Отбасы бақыты» атты тренинг өтті. Тренингке қатысушылар Отбасылық бағалы естеліктерді еске түсіріп, оның құндылығы жайлы айтып берді. Тренинг барысында кеңестер, пікір алмасулар, қызықты ойындар, «жүректен-жүрекке» жылы лебіздерін білдіру, сергіту сәті өткізілді. Тренинг белсенді интерактивті ортада өтті. Мамандар пікірталастар мен ойындарға белсене қатысып, жұмыс істеді.

  • 1
  • 2
Оқылды 534 рет