Әр аптаның сәрсенбі күнгі үрдісі бойынша топтардың тәрбиешілері кезекпен балаларға арнап көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Бүгін «Қоңырау» отбасылық тобының тәрбиешілері «Жарқырайды, жаз айы» тақырыбында балаларға арнап, қойылым қойды. Жаз мезгілінде күннің ыстық болатыны, жеміс – жидектің пісетіні, күннің ұзақ, түннің қысқа болатыны туралы ақпарат берілді.Бүлдіршіндер асыр салып ойнап уақытты қызықты өткізді.