2022 жылғы 27 шілдеде балалар үйінің әлеуметтік педагогы Оксана Владимировна Дзюба «Балалар мен отбасын қолдау орталығы» жобасын іске асыру нәтижелері бойынша қорытынды кеңеске қатысты.
Кеңес барысында өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасыларды қолдау, балаларды қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мәселелері қозғалды және талқыланды. Кеңес қорытындысы бойынша отбасылардың әлеуметтік қолайсыздығын төмендету, ҚӨЖ ерте анықтау бойынша ұсынымдар пысықталды.