Тіл-ұлт байлығы, Халық қазынасы

Қырқкүйек 22, 2020

Әр адам өзінің тілін шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап құлағына сіңіруі тиіс. Себебі, тілін білген адамның ғана бойында патриоттық сезім қалыптасады. Олар елге, ұлтқа пайдалы мәселелерді қозғап, жауапкершілікті сезінеді. Өйткені, мемлекеттік тіл елімізде аса маңызды да, ең өзекті мәселе. Сол себепті бүгін біздің «Шиелім» отбасылық тобында «Тіл – алтын қазына» тәрбие сағаты өткізілді. Балаларға тілдің маңызы мен құндылығы жайлы түсіндірілді және ұлттық салт – дәстүр, көркем оқулықтармен таныстырылды. Түрлі ойындар ойнап, ән салып, би билеп көңіл көтерді.

Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтыртып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?» - деп тура айтқан. Олай болса, тілімізді қадірлей білейік!

  • 1
  • 2
  • 3
  • 4
  • 5
Оқылды 750 рет