«Бала естігенін айтады, көргенін істейді» – деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді.
Нұр – Сұлтан қаласы әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКМ-нің «Қоңырау», «Шиелім», «Бөбек», «Қуыршақ», «Үміт», «Күнім», топтарында «Тілдер мерекесіне» арналған «Тіл – алтын қазына» іс-шарасы өткізілді. Арнайы іс-шараның мақсаты бүлдіршіндердің мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығын ояту, халқымыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын балаларымызға түсіндіру болды. Барлық топтар ұлттық нақышта және мерекелік тақырыпқа сәйкес қабырға газеттерімен безендіріліп, балалар мен тәрбиешілер ұлттық киімде өнер көрсетті. Тәрбиешілер балаларға ана тілінің құдыреті мен маңызы жайлы әңгіме жүргізді. Қызықты ойындар ойнатылып, бүлдіршіндер би билеп, ән салып көңіл көтерді.
Әр тұлға үшін ана тілі – әріптерден құралған бос сөз емес, көңілімізді тебірентетін ұлы ұғым. Ана тілі –қара шаңырақтың есігін ашатұғын алтын кілт. Қазақ тілі – қазақ барда мәңгі жасай бермек!