Бүгін «Бөбек» жанұя тобының балапаны – Арыстан 1 жасқа толды!
Сүйкімді балапанымызды туылған күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Арыстан, өмірде алдыңа көптеген мақсаттар қойып, жоғары жетістіктер мен сәттілікке қол жеткіз. Жақсы күндерің мен бақытты сәттерің көп болсын. Жаныңда үнемі жақсы адамдар, ал ойыңда жарқын идеялар болсын. Өмірдің тек биік шыңдарынан көрін. Біз саған мықты денсаулық, шынайы бақыт пен қуаныш шаттық тілейміз.
Туған күніңмен, Арыстан!
Ізгі боп лебізіңді сағынатын,
Жігіт бол дос, дұшпаның табынатын.
Айналсын ар туына адалдығын,
Адам боп ұялатқан жанына күн.
Жүр асқақ күншілдердің басып мысын,
Жүректің түпкірінен жаһұт ұсын.
Таба біл тіршілікте керегіңді,
Басыңнан арылмасын бақыт құсың!